Олимпиада-2024. Садақ атудан ел командасының қарсыластары анықталды

25 шілде күні садақ атудан Қазақстан командасы Олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысып, ұпай жинады. Бүгін спортшылардың келесі кезеңдегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Іріктеу айналымынан соң садақ атудан Қазақстан командасы жалпы есепте 10-орында тұр.

Садақ ату, 1/32 айналым:

Ильфат Абдуллин - Эрик Петерс (Канада)

Александр Еременко - Аддис Баптиста (Франция)

Дәулеткелді Жаңбырбай - Хорхе Энрикс (Колумбия)

Еске сала кетейік, іріктеу айналымында Қазақстан сапынан ең көп ұпайды Дәулеткелді Жаңбырбай жинады. Ол 668 ұпаймен 22-орыннан көрінген.

Ильфат Абдуллин 29, Александр Еременко 59-орында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰОК/Владислав Семенов
Өзгелердің жаңалығы