Олимпиада-2020 жүлдегері Бүкіләлемдік ойындарда алтын жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері қазақстандық Софья Берульцева Бүкіләлемдік ойындар жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жарыстар Бирмингем қаласында (АҚШ) өтті.
Қазақстандық каратэші 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде "алтын" жеңіп алды. Ол финалда испаниялық Мария Торрес Гарсияны жеңді.
Еске салайық, 2021 жылдың қарашасында Берульцева әлем чемпионатында каратэден 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үш елдің азаматтары Қазақстанда визасыз жүре алады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы