Олимп тест алуды уақытша тоқтатады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олимп клиникалық-диагностикалық зертханасы 3 күнге ПТР талдау алуды тоқтататынын мәлімдеді.
Мекеменің Ғacebook-тегі парақшасында маусымның 19-21 аралығында тест алу уақытша тоқтатылатыны жазылған.Құрметті пациенттер, 19 және 21 маусым аралығындағы қоса алған күндері Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы зертханаларда техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы орайда коронавирусқа ПТР талдау алу жүзеге асырылмайды. 22 маусымда коронавирусқа ПТР талдау алу қайта жалғасады. Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген жазбада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақталғандар саны күрт артты – Асанов
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы