Олигархтардан алынған зергерлік бұйымдар аукционда сатылды
2025 жылғы 23 сәуірде e-Qazyna электрондық платформасында бес зергерлік бұйым бойынша аукцион форматында сауда-саттық өтті. Бұл туралы қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
E-Qazyna электронды платформасында өткен сауда-саттық барысында бес эксклюзивті зергерлік бұйым сатылды, олардың қатарында "Сartier Love" білезігі мен сақинасы, изумруд сырғалары, аквамарин сақинасы, гауһар тасты алтын сақина және інжу-маржанды гауһар сырғалар болды. Барлық бұйымдардың жалпы құны 5 425 246 теңгені құрады.
Аукционға қатысушылар тек жоғары сапалы зергерлік бұйымдарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жобаларды қолдауға арналған қаражатты да жинады. Аукционнан түскен барлық қаржы Арнайы мемлекеттік қорға аударылып, маңызды қоғамдық бастамаларға жұмсалатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Трамп Гарвардты "демократияға төнген қауіп" деп атады
Өзгелердің жаңалығы