1 Қыркүйек 2022 2022, 23:18
Олигарх бір сәтті 11 вилласынан айырылды
Италия билігі ресейлік олигарх Вячеслав Кантордың ел аумағындағы 11 вилласын мемлекет қарауына алды, –деп хабарлайды BAQ.KZ Dalanews.kz сілтеме жасап.
Италия билігі ресейлік олигарх Вячеслав Кантордың ел аумағындағы 11 вилласын мемлекет қарауына алды, – деп хабарлайды BAQ.KZ Dalanews.kz сілтеме жасап.
Бұл жайындағы ақпаратты L’Unione Sarda хабарлады. Арестке алынған виллардың арасында Италияның экс-премьері Сильвио Берлусконидің отбасына берілген жылжымайтын мүлікте бар.
Орыс олигархтарының Берлускониға сыйға тартқан вилласы Сардиния аралының солтүстік-шығысындағы куротты Порто-Ротондо қаласында ораналасқан деседі. Бір вилла Берлусконидің анасының атына жазылса, екіншісі туған інісі Паолоның мүлкі болған.
Вячеслав Кантор санкция құрығына ілігіп дүние-мүлкінен айырылған бірінші олигарх емес. Бүгінде орыстың байшыкештері Еуропадағы үй-жайы мен қымбат ұшақтарынан айырлып жатқаны белгілі.