"Өлгім келмеді": 95 күн бойы теңізде болған балықшы тірі қалды
Перулік балықшы ашық теңізде мәжбүрлі түрде өткізген 95 күннен соң отбасымен қайта қауышты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Daily Mail басылымы таратқан мәліметке сүйенсек, 61 жастағы теңіз жағасында орналасқан Маркона қаласынан балық аулауға шыққан. Ол екі аптаға жететін азық-түлігін алғанымен, ауа райы күрт өзгеріп, ұзақ уақытқа қалған.
Отбасы оны қанша іздегенімен, теңіз патрульдері балықшыны таба алмайды. Тек эквадорлық балық аулау патрулі оны жағалаудан 1000 шақырымдай жерден өте әлсіз күйде тапқан.
Мен өлгім келмеді, - деп еске алды Напа теңіз үстінде өткізген күндерін.
Айтуынша, ол тірі қалу үшін амалсыз жәндіктерді, құстар мен тасбақаларды жеген. Отбасы мен екі айлық немересі туралы ойының арқасында аман қалдым деп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Адамзат Жер бетінен қашан жойылып кетуі мүмкін?
Келесі жаңалық
Еліміздің су қоймаларындағы жағдайы қандай
Өзгелердің жаңалығы