"Өлгендер қайтып келмейдіні" енді түріктер де оқи алады

Алматыдағы Ұлттық кітапханада қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың "Өлгендер қайтып келмейді" кітабының түрік тіліндегі аудармасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кітап классик жазушының 100 жылдық мерейтойына орай аударылды. Жазылғанына 40 жыл толған Бердібек Соқпақбаевтың "Өлгендер қайтып келмейді" романын түрік тіліне аудармашы, Түркияның Хаджы Байрам Вели университетінің оқытушысы Хусейн Варол аударды. Кітап Алматы облысының әкімдігі мен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен жарыққа шықты.

Тұсаукесерге ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. "Өлгендер қайтып келмейдінің" түрік тіліндегі аудармасының таныстырлымы жасалып, кітаптың 5 данасы Ұлттық кітапхана қорына табысталды.

Айта кетейік, іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Ұлттық кітапханасы
Өзгелердің жаңалығы