Ольга Рыпакова қазақстандық Олимпиадашыларға сәттілік тіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Ольга Рыпакова Бейжің Олимпиадасында сынға түсетін қазақстандық спортшыларға қолдау білдірді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қысқы спорт өкілдері үшін тартысқы, эмоцияға толы кезең басталды. Оларға сәттілік тілеймін! Өздеріңе, өз күштеріңе сеніңдер! Сіздерге жанкүйер боламыз. Өзімнің барлық энергиям мен жақсы эмоциямды сіздерге бағыттаймын. Жарысқа үлкен сеніммен шығыңыздар, сол кезде бәрі де жақсы болады. Біз сіздерге сенеміз, - деді Рыпакова.
Айта кетелік, Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанаты 4 ақпанда өтеді. Ал қазақстандық могулшылар жарысты бүгін бастайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Біздің энергожүйеге "сұр майнерлер" зардабы тиюде – Мусин
Келесі жаңалық
Павлодарда жеңіл автокөлік өртенді
Өзгелердің жаңалығы