Ольга Рыпакова Париждегі «Гауһар лигасында» сынға түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Парижде жеңіл атлетикадан «Гауһар лигасының» кезекті айналымы өтеді. Аталған сынға Қазақстан командасының үздігі Ольга Рыпакова да қатысады деп жазады Olympic.kz.
Үш қарғып секірушілер додасына тоғыз атлет қатысады. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы, колумбиялық Катрин Ибаргуэн жоқ.
Әзірге үш қарғып секіруден «Гауһар лигасының» рекорды Венесуэла өкілі Юлимар Рохастың еншісінде. Оның көрсеткіші – 15.11.
Рыпаковның биылғы маусымдағы ең үздік нәтижесі 14.37 метр екенін еске саламыз.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көкпектіде "Абай оқулары" байқауы өтті
Келесі жаңалық
"Теңге 100 есе құлдырады". Ұлттық валютаға сұраныс неге аз?
Өзгелердің жаңалығы