Ольга Рыпакова Париждегі "Гауһар лигасында" 8-орын иеленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парижде жеңіл атлетикадан ірі халықаралық турнир - «Гауһар лигасының» кезекті айналымы аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған сынға Қазақстан атынан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова қатысқан болатын.
Үш қарғып секіруден бақ сынаған жерлесіміздің турнирдегі үздік көрсеткіші – 14.16 метр. Бұл нәтижемен ол сегізінші орынға тұрақтады.
«Гауһар лигасы» кезеңінде венесуэлалық Юлимар Рохас топ жарды. Оның көрсеткіші – 15.05. Екінші орында кубалық Лиадагмис Повеа (14.75), үшінші сатыда америкалық Кетура Орджи (14.72).
Жарысқа жалпы есебі 10 спортшы қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
5G қашан келеді?
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы