Қолды жиі жуу және антисептик пайдалану – қауіпті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы РФ Президенті Іс басқармасы №4 емханасының дерматовенеролог дәрігері Настасия Вережникова мәлімдеді.
Қолды жиі жуу және антисептик пайдалану дерматитке әкелуі мүмкін, ал, бұл коронавирус инфекциясын жұқтыруға ықпал етеді. Бұл туралы РФ Президенті Іс басқармасы №4 емханасының дерматовенеролог дәрігері Настасия Вережникова мәлімдеді, деп жазады 360tv.ru.Вережникова коронавирус індетінен қорғанудың бірден-бір тәсілі қолды жуу және арнайы антисептикалық сұйықтықпен өңдеу екенін атап өтті.
Алайда, алкоголь, өте ыстық немесе суық су, сабындағы сілтілердің артық болуы терінің тітіркенуінің дамуына және контактілі немесе аллергиялық дерматиттің пайда болуына ықпал етуі мүмкін, - деп атап өтті Настасия Вережникова.
Дәрігердің айтуынша, қолдың жиі өңделуіне байланысты терінің қорғаныс қабаты қалпына келіп үлгермейді. Қолда құрғақ қабыршақтар мен қызару пайда болып, қол жарыла бастауы мүмкін. Вережникова бұл симптомдар контактілі дерматиттің белгілері болып саналатынын түсіндірді. Ол "инфекцияның ағзаға түсу қаупін айтарлықтай арттыруы мүмкін", дейді дәрігер.
Ал, дерматит сабын мен антисептиктердегі иістер мен консерванттарға байланысты аллергиялық болуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның өңірлік қолбасшылықтары
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы