Оларды тыңдамасақ, ертең көшеде айғай-шу болады. Қошанов белсенділер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов айтты. 

Бүгінгі таңда бізге айтылатын сын көп, шыны керек. Заң шығарушылар халықтан алшақтап кетті деген пікір бар. Халық бір жақта, қоғам бір жақта, заң бір жақта жұмыс істеп жатыр деген пікір бар. Сондықтан қоғамдық палатаның басты мақсаты өзекті, резонансты заң жобаларын бірінші оқылымға дейін қоғамның талап, тілегі тұрғысынан қарастыру. Ерекшелігі – қоғаммен кері байланыс орнату. Біз өңірлермен көп жұмыс істемейміз. Өңірлерге барамыз, басқа тілектерін қарап жүрміз. Алайда өңірлермен жұмыс істеуде қоғамдық кеңестерді де қосу керек, - деді ол. 

Қошанов айтқандай, қоғамдық кеңестер арқылы азаматтардың ұсынысын білу керек. 

Қоғамдық палатаның құрамы қатып қалған емес, бағыттар мен заң ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп тұрады. Басым көпшілігі қоғам белсенділері болады. Конструктивтік оппозицияны да қатыстырайық. ҮЕҰ сектордың өкілдері де оны құрайды. Соңғы уақытта қоғамда әлеуметтік белсенділері көп көтеріп жүр. «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы аясында құрылып жатқан палата деп айтуға болады, - деді Қошанов. 

Оның айтуынша, белсенділердің барлығына популист немесе жау деп қарауға болмайды. 

Олар да біздің азаматтарымыз. Олардың да елге, халыққа жаны ашып, айтатын әңгімелері бар. Біз соны тыңдауымыз керек. Шешімді біз қабылдаймыз. Оларды тыңдамасақ, ертең көшеде айғай-шу болады, - деді ол. 

Бүгін Мәжіліс жанынан қоғамдық палата құрылды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы