Олар – қылмыскерлер, сенімді ақтамады. Көлгінов кімге ренжіді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы баспасөз конференциясында айтты.
Үлескерлер мәселесі өте өзекті болып отыр. Себебі 15 мыңға жуық үлескер жылдар бойы өз үйлеріне кіре алмай жүр. Бұл - мемлекеттің кәсіпкерлерге, құрылысшыларға деген сенімі. Халықтың да сенімі. Олар – қылмыскерлер. Сенімді ақтаған жоқ. Тұрғындар жинап берген қаражатты алды да, алдап кетті. Проблема қалды. Көптеген қылмыскер жауапқа тартылды. Кейбіреуі қашып та жүр. Мемлекет тұрғындарды далада қалдырмау үшін проблеманы шешуге кірісті, - деді Көлгінов.
Қала әкімі атағандай, бұл мәселе бойынша проблема көп.
Құжаттар жоғалып немесе ескіріп кеткен. Соттасып жатыр не болмаса үш үлескер бір пәтер сатып алған. Оларды алдап кеткен, алаяқтар ғой. Былайша айтқанда, олар ауаны сатып алған. Заңды түрде қарайтын болсақ, ол - екі заңды тұлғаның арасындағы келісім. Мемлекет ол проблеманы шешу үшін қайтарымды тетікпен қаражат бөлді. Оны қайтару керек. Өткен жылы 52 үйдің, ол 52 үй емес, кешен дегенді білдіреді. Оның 10-ын шештік, биыл 20-сын шешеміз, - деді ол.
Алтай Көлгіновтің айтуынша, проблема әлі бар. Оны шешуге көп күш жұмсалған.
Мысалы, үй бар, мекен жайы жоқ, бірақ адамдар тұрып жатыр. «Территория комфорта-2» деген бар, комфорт емес, керісінше болып отыр. Қасбеті қирап тұр. Ол мәселенің барлығын шешіп жатырмыз, желтоқсанда тапсырамыз. «Орбита» деген де бар. Оның да мекен жайы жоқ. Ал адамдар тұрып жатыр, бірақ қауіпсіздік шаралары мүлдем сақталмаған. Тұрғындардың қолдарында құжаттары жоқ, балаларын қай мектепке тіркейтінін де білмейді. Оларды мемлекеттің қолдауымен шешіп жатырмыз. Азаматтарды далада қалдырмаймыз, - деді Көлгінов.
Осыған дейін қала әкімі елордадағы проблемалық мәселелер туралы айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы