#Ol-jas: Жас педагог пен мектеп оқушысының білім жүйесіне деген көзқарасы. Тек ер балалар оқитын мектептің артықшылығы қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі жас педагогтардың қалы қалай?
Жоба қонағы болған тіл маманы Дінмұхаммед Құсайынов және Zharkyn Smart school мектебінің 6 сынып оқушысы Әлібек Сембек еліміздегі мектептердің білімі туралы ой алысты.
Олар:
Тек ер балалар оқитын мектеп құрудың тиімділігі қандай? Жас маман мен мектеп баласының байланысы қандай болуы керек? Қазір оқушы өміріндегі тик-токтың орны қандай? Ішпыстырарлық сабақ өткізбеу үшін не істеу қажет? Мұғалімдер жеткілікті жалақы алып отыр ма? Ағылшын тілін үйретудің әдістемесін өзгерту керек пе? және тағы басқа сұрақтар туралы ой-пікірін айтты.
Ol – jas подкасты – еліміздің жастарының еркін пікір айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарасын білдіретін ой алаңы.
Оқырманға ескерту: Жоба толықтай 360 градус камераға түсірілген, youtube-те өзіңізге ыңғайлы ракурста немесе арнайы көзілдірікпен көруіңізге болады.
Бұған дейін Ol – jas подкастында жастардың не себепті әскерге барғысы келмейтінін білген едік.