#OL-JAS PODCAST: ІТ технологияның болашағы немесе баланың шотындағы 3 мың доллар
IT маманы - ең сұранысқа ие әмбебап мамандық. Мұндай мамандықты игеру үшін не біліп, не істей білу керек? Елімізде бұл саланы қалай оқытады? Меңгерудің тиімді тәсілдері қандай?, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Подкастымыз қонағы болған IT жобаларының кеңесшісі Садық Шерімбек және Ақпараттық қауіпсіздік маманы Данияр Ермекұлымен осы мәселелер жөнінде талқыладық.
Әңгіме басында Жолдауға қатысты бірқатар ой айтылды. Оның ішінде Ұлттық қордан балаларға бөлінетін қаржының қаншалық тиімділігі бар екені сондай-ақ жыр болған зейнет жасын төмендету мәселесі сарапқа салынды.
Сонымен қатар мамандар болашақ бағдарламашыларға кеңес берді. Олар IT мамандарының тапшылығы неден туындап отырғанын, біздің мамандардың не себепті шетелге кетіп жұмыс істейтінін айтты.
Ol – jas подкасты – еліміздің жастарының еркін пікір айтып, қоғамдағы өзекті мәселелерге көзқарасын білдіретін ой алаңы.
Еске салайық, бұған дейін подкастымызда қазақи жаһандану үрдісі мен мемлекеттік қызметтегі жалақы мәселесін талқыланған болатынбыз.