Ольга Шишигинаның бапкері қызметінен қуылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық антидопинг орталығы жеңіл атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген бапкері Любовь Никитенконы қызметінен шеттетті.
Sports.kz сайтының мәліметіне қарағанда, бапкер жеңіл атлеттерге допинг қолдандырмақ болған. Арнайы тексеріс жүргізген орталық мамандары Никитенкоға 2025 жылдың маусым айына дейін бапкер қызметін атқаруға тыйым салды.
Естеріңізге сала кетейік, Любовь Никитенко – екі Олимпиада чемпионын, атап айтсақ, Сеул Олимпиадасының жеңімпазы (1988 ж.) Виталий Савин мен Сидней Олимпиадасының чемпионы (2000 ж.) Ольга Шишигинаны баптаған жаттықтырушы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодар облысында полицей өзін-өзі өлтірген
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы