Ольга Рыпакова сайлауға ерте келіп дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова бүгін сайлауға келіп  өз таңдауын жасады. Спортшы мұны өзінің азаматтық парызы санайды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Рыпакова Өскемендегі № 47 мектепте орналасқан №2 сайлау учаскесіне тіркелген. 

Кәмелеттік жасқа толғаннан бері ол бірде-бір сайлаудан қалмағанын айтады. Тіпті Қазақстаннан жырақ, жарыстарға кеткенде де, әркез өз таңдауын жасап үлгеріп жүрген. 

Айтулы додаларда ел намысын қорғап, жастарға үлгі болған спортшы сайлаудың маңыздылығын терең түсінеді. 

Сайлау - елдің болашағы үшін маңызды. Әрбір қазақстандық дауыс беруі керек деп ойлаймын. Өз дауысымды таңдаулы кандидатыма бердім.  Қазір де елдің өркендеуі үшін көптеген шаралар,бағдарламалар атқарылып жатыр ғой, дегенмен сайлаудан кейін ел дамуы жолындағы игі істер еселене беретініне сенімдімін, – дейді спортшы. 
Осылайша елдің болашағы баянды, ертеңі болуы үшін спортшы ерте тұрып сайлауға келді. Сондай-ақ, ел тағдырын халық болып шешетін тарихи күнде өзге азаматтарды да дауыс беруге шақырды.

Сонымен қатар, Қазақ әйелдері арасында тұңғыш рет Олимпиада жүлдегері және екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері зілтемірші Жазира Жаппарқұл өз таңдауын жасады. 


Шымкент қаласындағы №283 сайлау учаскесіне барып, ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына қатысқан спортшымыз өз пікірімен бөлісті.

Сайлау учаскесіне ерте келіп, еліміздің саяси дамуына үлесімді қосу мақсатында өз таңдауымды жасадым. Бұл ретте еліміздің барша тұрғындарын сайлауға қатысуға шақырамын! – деді Жаппарқұл. 

Айта кетейік, жалпы Шымкент қаласы бойынша 617 мыңнан астам тұрғын дауыс беру құқығына ие.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы