Ольга Рыпакова «Гауһар лигада» үздік ондықтан көрінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Ольга Рыпакова жеңіл атлетикадан «Гауһар лига» додасының кезекті кезеңіне қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған халықаралық дода Дохада өтіп жатыр.
Үш қарғып секіру бойынша Ольга Рыпакова 13,58 метрді бағындырды. Нәтижесінде, оныншы орыннан көрінді.
Юлимар Рохас (Венесуэла) 15,15 көрсеткішімен бірінші, ямайкалық Кимберли Уильямс (14.69) екінші, ал Ямайка өкілі Шаника Риккетс (14,98) үздік үштікті қорытындылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 368 отбасы баспаналы болады
Келесі жаңалық
Автогаз бен жеңіл мұнай өнімдері тапшылығы бола ма
Өзгелердің жаңалығы