«Оқжетпес» өз алаңында «Атыраудан» басым түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан премьер-лигасының 16-турында «Оқжетпес» өз алаңында «Атырауды» жеңді. Бұл ойын 3:0 есебімен аяқталды.

Көкшетаудағы ойында Талдықорғаннан келген төреші Денис Измайловтың қабылдаған шешімдері күмән тудырады. Алдымен, қонақтардың соққан голын есепке алған жоқ. Одан кейін «Атыраудың» қақпасына пенальти белгіледі. 

Жалпы, қалай болғанда да «Оқжетпес» ірі есеппен жеңіске жетті. Матчта үш гол соғылды. Сөйтіп, жетінші орында тұрақтап тұр. 

«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Атырау» (Атырау) – 3:0 
Голдар:Нөсербаев, 45+2-пенальтиден (1:0).Алмейда, 62 (2:0). Жұмаханов,86 (3:0).

«Оқжетпес»: Абжанов, Алмейда, Дайыров (Абдулин, 68), Дмитриев, Ерсалымов, Зорич (Молдақараев, 73), Калинин, Касминин, Кислицын, Нөсербаев (к) (Жұмаханов, 80), Стоянович.

«Атырау»: Логиновский, Бубакар, Бьедов (Қайраллиев, 69), Жунич, Қалмұратов (Оспанов, 46), Аблитаров, Мәжитов, Макуов (Абдрахманов, 56), Родионов, Ткачук, Шабаев (к).

Бас төреші: Денис Измайлов (Талдықорған). Көкшетау. «Окжетпес». 2500 көрермен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы