Оқушының жыныстық зорлыққа ұшырағанын жасырған мұғалім 6 жылға сотталуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да қылмыстық процестің жаңа форматы шеңберінде қылмыстық қудалау органдары мен прокурордың жұмысы туралы өткен брифингте айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балаларға көрсетілетін жыныстық қылмыс қатаң бақылауға алынды. Әрбір іс бойынша ата-аналардың өзінің баласын сеніп тапсырған ересек адамдарға қатысты жазаны да қарастырамыз. Өндірісте мұғалім, дәрігерлерге қатысты 26 іс жатыр. Мектеп директорына қатысты іс сотқа жіберілді. Ол 5-сынып оқушысының өгей әкесінің тарапынан жыныстық зорлыққа душар болғанын жасырды. Енді ол 6 жылға сотталуы мүмкін, - деді ол.
Шалабаевтың айтуынша, елімізде адам саудасы да қатаң бақылауда тұр.
Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында біздің республикадағы адам саудасына алаңдаушылық білдірді. Адам саудасына қатысты 68 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп, - деді ол.Бұған дейін хабарлағанымыздай, қауіпті емес қылмыстарды жасаған адамдардың жазасы жеңілдетіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы