«Оқушыларымыздың қылқаламымен Түркия» атты сурет көрмесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Юнус Эмре атындағы  түрік мәдени орталығының  ұйымдастыруымен  «Оқушыларымыздың қылқаламымен Түркия» атты сурет көрмесінің тұсаукесері өтеді. 

Көрме түрік ақыны және ойшылы Юнус Эмренің өмірден озғанына 700 жыл толуына және 2021 жылы түрікше жылына орай өткізіледі.

Қазақ халқының «алтын шыққан жерді белден қаз» деген тамаша мақалы бар. Бауырлас екі ел арасындағы мәдени қарым –қатынастың өрбіп дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан Юнус Эмре атындағы түрік мәденит орталығы әрдайым Қазақстан жастарына қолдау болып келеді. Орталық оқушылардың творчестволық жағынан дамуына, таланттарын шыңдауларына қол үшін береді. 2019 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан жарияланған Жастар жылы аясында орталық оқушысы Назерке Кемелбаеваның «Қазақстандықтардың көзімен Түркия» атты жеке сурет көрмесін ұйымдастырған болатын. 

Көрменің ашылу салтанатына Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі, дипломатиялық корпус өкілдері, Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен сурет өнеріне сүйетін қауым қатысады.

 25 қарашада сағат 15.00-те Хан шатыр ОСО-да өтетін сурет көрмесінің тұсаукесеріне Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қала қонақтарын шақырамыз.

Сурет салумен бала кезден айналысамын. 5 сыныпта Абай Құнанбаевтың суретін салған едім. 2020 жылдан бастап Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығында оқып жатырмын. Орталық маған Түркия тақырыбындағы картиналарымды көрмеге қоюыма мүмкіндік берді.Мен үшін бұл үлкен тәжірибе, Түркияны көпшілік білетін тұсынан емес, басқа да қырларынан көрсеткім келді. Түркияны көпшілік Галата мұнарасы, Сұлтанахмет мешіті, Базилика цистернасы арқылы танып біледі. Түркия- әдемі әдет-ғұрыптары мен ұмытылмас тарихы бар таңғажайып ел. Көрмеге қойылатын суреттерімде мен Түркияны халық биі «зейбек», «дәруіш биі», Таксим трамвайы, түрік шайы мен кофе дәстүрі, түрік әйелдерінің күнделікті істері, ұлттық тоқаш «симит», Ататүрік портреті арқылы бейнеледім. Көрмеге 16 шығармаммен қатысамын. Картиналарым арқылы Түркияның салт дәстүрі мен мәдениетін қолымнан келгенше таныстыруға тырыстым, -  Жас суретші және Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы оқушысы Алия Сұлтанова. 
Оқушылар тек қана тіл үйреніп қоймай, орталықта Түркияның мәдениеті мен өнері, салт –дәстүрін де жақыннан танып біле алады.

Суретшінің шығармалары – суретшінің ішкі ойының айнасы. Мен жалпы әлемге деген көзқарасымды адамдармен бөліскенді ұнатамын. Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы арманымды жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік берді. Көрме тақырыбы болып отырған Түркия -сүйікті елдерімнің бірі. Мешіттерге деген ықыласым ерекше, ал Түркиядағы мешіттер өте ерекше. Сондықтан картиналарымның көпшілігі мешіт тақырыбына арналған. Түркия – көп ғасырлық мәдениеті, дана дәстүрлері, дәмді және алуан түрлі тәттілерімен танылған ұлы ел. Көрме арқылы осы елдің ұлылығын адамдар көбірек сезінсе екен деймін. Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы Қазақстан мен Түркия арасындағы көпір іспеттес, орталықтың арқасында біз бір-бірімізбен араласып, тәжірибе және білімімізді алмасамыз. Көрмеге «Күннің батуы», «Оралғың келетін қала», «Үйдегі жайлылық пен жылулық», «Стамбұл - іздегенің табылатын қала» және т.б картиналарыммен қатысамын, - Жас суретші және Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы оқушысы Нелли Үркенова.

Түркияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен өтетін көрмеде орталықтың оқушысы үш Қазақстан азаматының 35 картинасы елорда халқының назарына ұсынылады.
Бұрын мен осы тамаша әрі көрікті елдің қалаларына барып, ерекшеліктеріне таң қалатынмын. Түрік мәдениеті бай және көпқырлы болғаны соншалықты, мен үшін ол қандай да бір қарапайым анықтаманың шеңберіне сыймайды. Әр қаласының бұрыштарында бауырлас халықтың тұтас тарихы бар, сырлар мен құпияларға қанық көне заман атмосферасы, табиғат пен дарынды шеберлердің қолынан жасалған ерекше жауһарларды кездестіруге болады. Бұл мәдениетпен өзім оқыған Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының арқасында таныстым. Түркия– жағымды эмоцияларға, дәмді тағамдарға, мейірімді және елгезек адамдарға, таңғажайып билер мен тәттілерге толы ел. Көрмеде менің «Дәруіш», «Түрік шайы», «Баклава», «Түрік аяқ киімі», «Көз моншақ», «Галата мұнарасы» және «Стамбұлда күннің батуы» атты картиналарым қойылады, - Жас суретші және Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы оқушысы Айнұр Мурзахметова.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы