Оқушыларды қалай қорғайды? Депутат 70-100 мың теңге алатын күзетшілер туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев білім беру мекемелеріндегі күзет қызметіндегі мәселені көтерді.
Депутат Ақылбек Күрішбаев сауалын Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке жолдады.
Күрішбаев сенаторларды білім беру мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері алаңдатушылық тудырып отырғанын жеткізді.
Жуырда оқушылар қайтыс болған Қазан мен Пермьде қайғылы оқиға білім беру мекемелерін қорғауға аса жоғары көңіл бөлу керектігін көрсетті. Өкінішке қарай, бізде де мұндай кемшіліктер жетерлік. Елдің «Күзет қызметі туралы» заңының 5-бабына сәйкес күзет қызметін тек тиісті лицензиясы бар заңды тұлғалар көрсете алады. Білім беру мекемелерін күзету үшін мұндай компаниялар конкурстық негізде таңдалады. Әрине, бұл конкурстарда ең төменгі баға ұсынғандар жеңіске жетеді, - деп айтты сенатор.
Күрішбаев нәтижесінде төменгі бағаны қойып жеңген күзет компаниясы барынша пайда алу мақсатында қарамағындағы күзет қызметкерлерінің жалақысы мен олардың шығындарынан үнемдейтінін айтты.
Мысалы, елорда мектептері мен университеттерінде жұмыс істейтін күзетшілердің айлық жалақысы 70-100 мың теңгеден аспайды. Тәртіп сақшыларының мұндай жалақысымен білім беру мекемелерінде оқушылардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз? Университеттің ректорлары, мектеп пен колледждердің директорлары жалақының төмен болуына байланысты қауіпсіздік қызметінде негізінен зейнеткерлер және зейнет жасына таяған адамдардың жұмыс істейтініне шағымдануда, - деді ол.
Депутаттық сөзінше, олар тіпті біліктілік талаптарына сәйкес рациялармен, құқықбұзушыларды ұстау үшін арнайы құралдармен де қамтамасыз етілмеген. Одан бөлек, бірқатар ЖОО-да күзет қызметі университеттердің штаттық қызметкерлеріне, яғни вахтерлерге, бақылаушыларға жүктелген. Бірақ олардың лицензиясы жоқ. Сол себепті қолданыстағы заңнамаға сәйкес күзет қызметін атқара алмайды.
Ақылбек Күрішбаев Сенат отырысында білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік жүйесінің қаншалықты осал екенін көрсету үшін мысал келтірді.
Студенттердің бастамашыл тобы Нұр-Сұлтан қаласындағы университеттерді аралап, олардың күзет қызметінің сапасын тексеру бойынша эксперимент жүргізді. Бұл ЖОО-да оқымайтын адамдар осы тексерілген 12 университеттің 10-ына кедергісіз кіріп-шыққан. Олардан ешкім тіпті рұқсат қағаздарын да сұрамаған. Бұл елордалық ЖОО-да болған жағдай. Ал өңірлерде не болып жатыр? «Мекемелерді қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын күшейттік. Оқу орындарындағы қауіпсіздік ережесін ретке келтірдік» деп есеп береміз. Бірақ іс жүзінде мәселе түбегейлі шешілмей тұр, - деп атап өтті Күрішбаев Сенатта.
Айтуынша, еліміздің оқу орындарындағы қауіпсіздік жүйесіндегі проблемаларға бұдан әрі көз жұма қарауға болмайды. Өйткені таразының басында балалардың өмірі мен денсаулығы тұр.
Уәкілетті меморгандарға осы саладағы істердің нақты жағдайына сыни талдау жүргізуді және күзет қызметіне қойылатын талаптарды күшейтуді, жұмысқа кәсіби кадрларды тарту және қазіргі заманғы цифрлық технологияларды, оның ішінде бейнемониторинг пен бейнеталдауды пайдалану арқылы еліміздің білім беру объектілеріне қауіпсіздік жүйесін түбегейлі қайта қарауды ұсынамын. Бұл жұмысқа заңнамалық тұрғыда белсене қатысуға дайынбыз, - деді ол.