Оқу жылы басталғалы елордада қанша мектеп карантинге жабылғаны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өтіп жатқан онлайн брифингте қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова оқу жылы басталғалы бері қанша мектеп карантинге жабылғаны туралы айтты.
ПТР тестінің теріс нәтижесімен COVID-19-бен ауырғандар саны 96, атап айтсақ, қаңтар айында 55, ақпанда 28, наурызда 13 жағдай тіркелді. Сонымен қатар, науқастармен байланыста болған адамдардың үлес салмағының динамикасы ақпанда 45%-ға, наурызда 49%-ға дейін өсуі байқалды. Бұл үй ошақтарында болған адамдардың алдын алу шараларының сақтамайтындығын көрсетеді, - деді ол.
Қазіргі уақытта елордада 912 үй ошағы бар. Онда 2 500 байланыста болған адам медициналық бақылауда.
12 наурыздың көрсеткіші бойынша оқу жылының басынан бері оқушылар арасында 1 234 КВИ тіркелді. Оның 295-і немесе 23,9% офлайн режимдегі оқушылар арасында, 939 жағдай немесе 76% қашықтан оқитын оқушылар арасында тіркелді, - деп атап өтті санитарлық дәрігер.
Оның сөзінше, оқу жылының басынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлығы 89 мектеп карантинге жабылды. Бүгінгі күні 22 мектепте карантин жалғасып жатыр.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта қалада күніне 12 мыңнан астам зерттеу қуатымен 24 зертхана жұмыс істейді. Тәулігіне орташа есеппен 3 500-ден 6 000-ға дейін зерттеу жүргізіледі.
Бәріміз білетіндей, 1 ақпаннан бастап медицина қызметкерлері және 1 наурыздан бастап басқа да саладағы мамандар вакцина алуды бастады. Осы жылы 12 наурызға дейін бірінші компонентпен 5 256 адам егілді, екінші компонентпен 1 901 медицина қызметкері вакцина алды, - деп айтты ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы