Оқу жылы басталғалы бері 825 оқушы коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты.


Оқу жылы басталғалы бері оқушылар арасында КВИ-дің 825 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар саны 261 оқушыны құрады. Бұл оффлайн режимде білім алушылардың жалпы санының 0,03% құрайды. Ал, онлайн форматта білім алатын балалардың КВИ індетіне шалдығу жағдайлары 564-ке жетті (0,02%). Соңғы аптада 9 өңірде кезекші сыныптарда оқитын оқушылар арасында 62 жағдай тіркелді. Ауруға шалдыққан оқушылары ең көп өңірлер – Шығыс Қазақстан – 32, Павлодар – 12, Батыс Қазақстан – 5, Қарағанды, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында 3 жағдай, Солтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарында 1 жағдайдан тіркелді, - деді ол.

ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 2020 жылғы 6 қазаннан бастап, еліміздің мемлекеттік шекарасын автомобиль өткізу пункттері арқылы 196 мың адам кесіп өткен. 364 адамда оң нәтижесі бар коронавирус инфекциясы табылды.

Халықаралық әуе рейстерімен 60 953 жолаушы ұшып келді. Олардың ішінде 8827 адамнан тест қабылданды. Оң нәтижемен 48 адам анықталды. Атап айтқанда, Түркиядан – 16, Мысырдан – 18, БАӘ – 5, Беларусьтен – 7 және Ресейден 2 адам. Шекарада шараларды күшейту жұмыстары да өте жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Бүгінде көршілес мемлекеттермен еліміздің мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі қатаңдатылған. Оның ішінде ҚР аумағында тұруға рұқсаты бар шетелдіктер, олардың отбасы мүшелері ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып саналатын шетелдіктер үшін елдің шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Аталған адамдар мемлекеттік шекараны 90 тәулікте 1 рет қана кесіп өте алады, - деді дәрігер.
Ерлан Қиясов 2021 жылдың 1 мамырына дейін 57 елдің азаматтары үшін  визасыз режим тоқтатылғанын айтты.
2021 жылдың 1 қаңтарына дейін Қытай мен Үндістаннан келетін транзиттік жолаушылардың ҚР аумағына 72 сағаттық визасыз жүру режимі де толық тоқтатылды. Сонымен қатар, Украина, БАӘ, Германия, Беларусь, Түркиямен әуе рейстері қатынасы едәуір қысқарды. Қазақстан аумағына әуе рейстерімен келген барлық адамның, оның ішінде Қазақстан азаматтарының, сондай-ақ, екіжақты халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілердің де ПТР анықтамасы болуы тиіс деген шешім шығарылды. Елімізге келген азаматтарда анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен зертханалық тексеруге біздің азаматтарымыз 3 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшауланады, - деді ол.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы