"Өкшесін жұлып, мүгедек еткен". Жаңбыршин қаңғыбас иттен келетін қауіпті айтты

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин бұралқы иттердің мәселесін шешу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз адамдарды қорғаумыз керек. Менде көптеген фактілер бар. Оның ішінде балалардың бетін тістеп алған, енді бір астаналық тұрғынның өкшесін жұлып, кейін азамат мүгедек болып қалған. Сол себепті көшеде ешқандай бұралқы ит жүрмеуге тиіс. Әрине, әр жағдайды жақсылап тергеп- тексеру қажет. Қазір атуға немесе арнайы дәрімен ұйықтатуға тек агрессия көрсеткен ауру итті ғана рұқсат берілген, - дейді Жаңбыршин мәжіліс кулуарында.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин иттерге қатысты қазіргі жағдайды өткір сынға алып, Үкімет бұралқы иттер мәселесін жүйелі түрде шешуі керек екенін мәлімдеді. Ол қаңғыбас иттерге қатысты заңға өзгеріс енгізуді талап етті.

Ресми мәліметке сәйкес, жыл сайын Қазақстанда 38 мыңнан астам адамды ит қабады. Бұл күніне 104 адам бұралқы иттердің шабуылына ұшырайды деген сөз. Оның кемінде жартысы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Айта кетейік, осыған дейін депутат Руслан Берденов Мәжіліспен қоштасқаны туралы жазғанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы