Оксфорд вакцинасы 3 ай тұрақты қорғаныс қалыптастыра алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оксфордтың коронавирусқа қарсы вакцинасы екпенің екінші компонентін алғанға дейін 3 ай бойы 76% тұрақты қорғаныс қалыптастыра алады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Жүргізілген талдаулар көрсеткендей, вакцина салғаннан кейін 22-90 күн аралығында бір реттік стандартты дозаның тиімділігі 76%-ды құрайды және үш айлық кезеңде қорғаныштық қасиет төмендемейді.
Зерттеулер екінші дозадан кейін вакцинаның тиімділігі 82,4% болатындығын дәлелдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Үндістанда ковидпен байланысты ахуал әлі күрделі
Өзгелердің жаңалығы