"Орталық коммуникациялар қызметінің" басшысы ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Руслан Қанатханұлы Әлішев ҚР Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" РМК директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы