Өкпесі мен асқазаны жыртылып кеткен: 2 жасар бала дәрігерлердің қателігінен көз жұмды

Бразилияның Гояс штатында екі жасар Рави де Соуза Фигейреду мұрнынан жабысып қалған жүгері дәнін алу операциясынан кейін көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Ата-анасының айтуынша, дәрігерлер алдымен пинцетпен алуға тырысқан, бірақ сәтсіз болған соң баланың танауына резеңке канюля енгізіп, сығылған ауамен екі рет үрлеген. Бұл әдіс ұсынылған стандартқа сай емес болып шықты. Процедурадан кейін баланың өкпесі мен асқазаны жыртылып кеткен.

Бала алғашқы емнен соң ауруханадан шығарылғанымен, бірнеше сағаттан кейін жағдайы нашарлап, қайта жеткізілген. Оны ірі медициналық орталыққа жібермек болған, бірақ жолда тыныс алуы қиындап, қайтыс болды, - деп жазады басылым.

Аутопсия жедел тыныс жеткіліксіздігін өлім себебі деп көрсетті. Полиция екі дәрігерге немқұрайлылық салдарынан кісі өліміне себеп болды деп айып тақты.

Тергеу жалғасуда. Бүлдіршіннің ата-анасы кінәлілердің әділ жаза алуын талап етуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы