Алматыдағы ойын алаңдарын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қаладағы жолдар мен тротуарларды жуу жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 29 млн шаршы метр аумақ тазартылды.
Бұл туралы Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының басшысы Диас Ахметқалиев брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, Алматыдағы қоқыс жәшіктері, саябақтар мен скверлерде, балалар ойын алаңдары мен өзге де тұрғындар көп шоғырланатын жерлерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізу жалғасуда.
Қоқыс шығаратын ұйымдар күнделікті кестеге сәйкес штаттық режимде тұрмыстық қалдықтарды шығаруда. Қаладағы контейнерлерлік алаң мен контейнерлерге дезинфекциялау жұмыстары күшейтілген түрде жүргізілуде, - деді ол.Сонымен қатар, ол қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін барлық пайдаланылған медициналық қалдықтарды әрі қарай залалсыздандыру мақсатында бөлек пакеттерге жинап шығаруларын сұрады.
Айта кетсек, 19 наурыздан бастап коронавирустың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі енгізілді.
Алматыда төтенше жағдай кезінде қаладағы энергия кешендерінде 100 апаттық топ құрылды. Олардың бәрі сақтық шараларын қатаң сақтауда. Сонымен қатар, энергия кешендері қашықтан жұмыс істеуге көшірілді, яғни жөндеу жұмыстары бойынша, төлем жасау сияқты қызметтер онлайн жұмыс істейді.
Қазір Алматы қаласында коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында емдеу мекемелерінде 1300 медицина қызметкері жұмылдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы