Павлодар облысында өгіз иесін сүзіп өлтірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға Ақсу қаласына қарасты Ақжол ауылында болды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 11 қыркүйекте таңғы сағат 8.00-де бордақылауда тұрған өгіз босатылып кетіп, ауылдың табынына қосылып кеткен.
"Малды үйге қайтарамын деген иесі оның соңынан жүгірген. Асыл тұқымды өгіз иесін сүзіп тастаған, салдарынан 62 жастағы ер адам қайтыс болды. Ұзаққа жоғалып кеткен әкесінің денесін ұлы тапқан", - деп хабарлады полицейлер.
Аталған факті тіркелді, тиісті сараптама тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы