Өгей әкесі бар отбасылар тексеріле ме?

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстел барысында өгей әкелерді тексеруге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, бұған дейін Бас прокуратура өгей әкесі бар отбасыларды тексеру туралы ұсыныс айтқан. Тілшілер ведомство өкілінен ұсыныстың жүзеге асырылу-асырылмауы туралы сұрады.

Өгей әкелермен тұратын отбасыларды тексеру мәселесіне келсек, біз өзімізге түсетін әр ұсынысты жан-жақты қараймыз. Бізге дәл мұндай ұсыныс ресми түрде түскен жоқ, - деді Еділ Оспан.

Еске сала кетейік, бұған дейін буллингке қарсы бағдарлама әзірлеуді қолға алғандарын, ол нені қамтитынын айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы