«Оған арнайы бюджет жоқ». Дана Нұржігіт неге депутаттардың әлеуметтік желіде белсенді емес екенін айтты

Қазіргі депуттар әлеуметтік желіде белсенді болуы керек. Олар мұнымен шектелмей техникалық мамандықтарды да меңгеруі тиіс. Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, журналис Дана Нұржігіт осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарап отырсақ, депутаттардың да бүгінгі заманға сай болуына, әмбебап болуына, заманның өзі мәжбүрлеп отыр. Депутат болу тек қана аналитикалық материалдарды оқып, өңірлерге барып депутаттық сауалдар жазу емес, әлеуметтік желіде де белсенді болуы қажет. Өз аудиториясын жинап, журналистердің алдына шығып, аталған мәселе бойынша еркін көсіліп сөйлей білуі керек. Бүгінгі таңда әлеуметтік желіні жүргізу техникалық білімді де қажет етеді, - деді Дана Нұржігіт Қоғам үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің институционалдық ашықтығы» халықаралық конференциясында.

Оның сөзінше, әлеуметтік желіде белсенділік танытуда депуттардың қолы қысқа болып отыр.  

Өйткені әлеуметтік желідегі бүкіл жұмысымды мен өзім ғана жүргіземін. Менің ешқандай SMM, Мобилографым жоқ. Оған арнайы бюджет жоқ. Өздеріңіз білетіндей, көптеген елде жеке саясаткер азаматтармен үлкен пиар агенттіктер, имиджмейкерлер жұмыс істейді. Ал қазіргі таңда соның бәрін өзіміз жүргізіп отырмыз, - деді Сенатының депутаты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы