Одесса портынан Украина астығы тиелген алғашқы кеме аттанды
Ол Ливанға 26 мың тонна жүгері жеткізуі тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Хабар 24» мәліметінше, 22 шілдеде Ыстамбұлда Киев пен Мәскеу делегациялары сондай-ақ Түркия президенті және БҰҰ Бас хатшысының қатысуымен кездесу өтіп, халықаралық келісімшартқа қол қойылды.
Оған сәйкес, қарулы қақтығысқа байланысты Украина кемежайларында жиналып қалған шамамен 20 млн тонна астық «қауіпсіз дәліздер» арқылы экспортталады.
Сарапшылар тиісті келісім әлемдегі азық-түлік дағдарысын еңсеруге көмектесетінін айтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Иранда су тасқынынан қайтыс болғандар саны 59 адамға жетті
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы