Қарағанды облысында індет жұқтырған соңғы 1 адам жайлы мәлімет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 1 науқас туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы ақпарат таратты.
Ауру жұқтырғандардың 1 жаңа жағдайы тіркелді. Науқас коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған адам. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде - делінген хабарламада.
11.04.2020ж. жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 63 адам анықталды, оның ішінде - 1 қайтыс болған, 1 - сауыққан пациенттер бар.
Қарағанды облысында үй карантинінде 1643 адам бар, ал стационарлық карантинде тәулік бойы бақылауға - 698 пациент алынған.