Қызылорда облысында індет жұқтырғандар саны 120-дан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған соңғы 3 жағдайы туралы  Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді.

Ауру жұқтырған адамдардың екеуі Сырдария ауданының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Бекітілген алгоритмге сәйкес екінші мәрте алынған сынама коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсетті. Ал үшінші науқас Жаңақорған ауданының тұрғыны. Қазіргі таңда эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде - делінген хабарламада.

Барлығы жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. 

15.04.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында КВИ жұқтырудың 124 дерегі тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны-2, ем қабылдап жатқандар саны-122.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы