Түркістан облысында індет жұқтырғандардың бірі 5 жасар бала

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында коронавирус індетін жұқтырған 2 адамның жағдайы жайлы Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасы түсіндірді.

2015 жылғы сәби Арыс қаласы, Наурыз ауылының тұрғыны, вирусты анасынан жұқтырған. Анасы Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытында поезбен келген әйелмен жақын байланыста болған. 1984 жылғы Жетісай қаласының тұрғынынан вирус скрининг барысында анықталған. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ - делінген хабарламада.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Өңірде жалпы 25 адамда коронавирус індеті расталды.

Жетісай  ауданында - 13,  Кентау қаласында - 2, Арыс қаласы - 2, Ордабасы - 1, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында – 2.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы