Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 17 маусым күні еліміздің бірнеше облысында найзағай жарқылдап, дауыл соғатынын ескертті.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл соғып, оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, найзағай жарқылдап, бұршақ жауады және дауыл тұруы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздің барлық өңіріне қатысты ауа райы болжамын жариялағанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы