Облыста 16 мектеп салынады – Ақсақалов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты.
Облыстағы мектептердің 63 пайызы немесе 249-ында күрделі жөндеу жүзеге асырылды. Бұл бағытқа 10 млрд теңге бөлінді. Биыл 4,3 млрд теңгеге 56 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. 84 мектептің материалдық базасы жаңартылады. 18 автобус сатып аламыз, - деді Ақсақалов.
Облыс әкімі 3400 оқушы облыс мектептерінің түлегі атанғанын атап өтті.
Биыл 1-сыныпқа 8 мыңнан астам оқушы барады. Бұл - жақсы тенденция. Оқушылар саны 2017 жылмен салыстырғанда 3 мыңға көбейеді. Соңғы жылдары 4 жаңа мектеп салдық. 2 ауыл мектебі салынады. Кешенді жоспар аясында 16 мектептің құрылысы жүзеге асырылады, - деді ол.
Құмар Ақсақалов өткен жылы 4 қалалық колледжде жаңғырту жұмысы жүргізілгенін айтты.
Бұған дейін әкім биыл СҚО-да қанша жұмыс орны ашылатынын айтты.Биыл 4 ауыл мектебі 1,4 млрд теңгеге қайта жаңғыртылады, - деді ол.