Облыс тұрғындары тегін тексеріле алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 тамызда Қарағанды қаласындағы Облыстық онкологиялық диспансерде, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірінде бауырдың қатерлі ісіктерін ерте анықтау бойынша Ашық есік күні өтеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.
Дәрігерлер келесідей дерт белгілері бар барлық адамдарға тексеруден өтуді ұсынады:
- Ас қорыту органдары жұмысының бұзылуы (іштің кебуі, іш қуысындағы жайсыздық, тәбеттің болмауы, жүректің айнуы, құсу);
- Оң жақ қабырға астында ауыртпалық сезімінің болуы және ауырсыну;
- Тері қабаттарының сарғыштығы;
- Жылдам шаршау, белгісіз себеппен салмақ жоғалту.
- Сонымен қатар, егер сіз В, С вирусты гепатиттері бойынша инфекционист дәрігерде есепте тұрсаңыз .
Барлық ниет білдірушілер диагностикадан тегін өтіп, онколог дәрігерлерден кеңес ала алады. Тегін тексерулердің тізімінде бауырды ультра-дыбыстық зерттеуден өткізу (дәрігерден сәйкесінше нұсқау болса) қарастырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада башқұрт мерекесі өтті
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы