Ақмола облысында қылмыстық топ құрғандар сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында "Тумгоевтер" қылмыстық тобының жетекшілері сотталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылы Ақмола облысының ҰҚКД, ПД және ЭТД ведомствоаралық тергеу-жедел тобы "Тумгоевтер" ұйымдасқан қылмыстық тобы жетекшілерінің қылмыстық әрекетінің жолын кесті. 

Көкшетау қалалық сотының 27 маусымдағы үкімімен топ жетекшісі Р. Тумгоев ҚР ҚК 245-бабы 3-бөлімі ("Салық төлеуден жалтару") және 262-бабы 1-бөлімі ("ҰҚТ құру және оған жетекшілік ету") бойынша кінәлі деп танылып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді - делінген хабарламада. 

Биылғы 25 қарашада сот шешімімен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлімі, 2-тармағы ("Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары негізінде "Тумгоевтер" қылмыстық тобының басқа жетекшісі Ю. Куртоев 9 жылға сотталды. Ол сондай-ақ 5 жыл бойы кәсіпкерлік субъектілерінде басшы және материалды-жауапты лауазымдарда жұмыс істей алмайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы