Облыс қоймаларына тәулігіне 10 вагон көмір жеткізілуде
Жетісу облысының халқын көмірмен қамтамасыз ету мақсатында бүгінде өңірге тәулігіне орташа есеппен 10 вагон 690 тонна қатты отын жеткізіліп, түсірілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының деректеріне сәйкес бүгінгі таңда облыс көлемінде 35 көмір тұйығы мен қоймалары бар. 24 шілдедегі ақпаратқа сәйкес, оларда 26 мың тонна көмір жатыр, соның ішінде «Шұбаркөл» - 17,2 «Қаражыра» - 8,8 мың тонна.
Бүгінгі күні облыста көмірдің орташа бағасы 18 600-20 000 теңге. Темір жол қатынасы жоқ аудандарда жеткізу қашықтығына қарай баға 25 000 - 28 000 теңге шамасында, - дейді мамандар.
Жалпы 2024-2025 жылғы жылыту маусымындағы халықтың көмірді тұтыну қажеттілігі 428,5 мың тоннаны құрайды.
Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен аудан-қала әкімдіктері өңір халқын ауа райының қолайлы кезінде қысқа қажетті көмір қорын түсіріп алуға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кірме теміржолдарды мемлекеттік меншікке беру рәсімі аяқталды
Өзгелердің жаңалығы