Облыс орталықтары мен ірі қалалардың дизайн-коды әзірленіп жатыр
Қазір Астана, Алматы және Ақтөбе қаласының дизайн-коды әзірленген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірлерде қалаларды кешенді құрылыс салу стандарттарына бейімдеу шеңберінде шағын сәулет түрлері мен абаттандыру тәсілдерін қолдана отырып, республикалық маңыздағы қалалардың, облыс орталықтары мен халық саны 100 мыңнан асатын ірі қалалардың дизайн жобаларын (кодтарын) дайындау жұмыстары қолға алынды.
Дизайн-коды жергілікті жердің ерекшелігі мен ұқсастығын ескере отырып, қалалық кеңістіктің біртұтас көрінісін анықтау арқылы оны өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл ретте дизайн-кодын дайындау жұмысына ғимараттардың қасбетін әрлеу, инфрақұрылым жүйелеріне дизайн элементтерін енгізу, сондай-ақ жекелеген функционалды аймақтарға, абаттандыру, көгалдандыру және навигация жүйелері мен маңдайшаларға концептуалды шешімдер мен тәсілдерді қолдануды қамтитынын айта кетейік.
Қазір Астана, Алматы және Ақтөбе қаласының дизайн-коды әзірленген. Қалған қалалардың дизайн-кодтары жаңа стандарттарға сәйкес дайындалып жатыр.
Осы орайда дизайн-коды стилистикалық тұрғыдан біртұтас, жайлы және қауіпсіз қалалық ортаны немесе кеңістікті қолайлы қалыптастыруға мүмкіндік беретін ережелер, талаптар мен ұсыныстардың жиынтығы саналатынын айта кеткен орынды.