Қарағанды облысында індет жұқтырғандар саны 110-нан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 3 адам туралы ақпарат берді.
Қарағанды қаласында коронавирусты 2 адамның жұқтырғаны анықталды, олардың біреуі 1965 жылғы ер адам, бұған дейін пульмонологиялық госпитальге жатқызылған болатын. Екінші адам 1979 жылғы ер адам, өзіне дейін вирусты жұқтырған науқаспен байланыста болғандықтан, карантиндік стационарға жатқызылған. Үшінші адам Теміртау қаласында тіркелді, ол 2007 жылғы қыз бала, өзіне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен байланыста болғандықтан, карантиндік стационарға жатқызылған. ПТР талдау нәтижелері бойынша 3 адамда да COVID-19 диагнозы нақтыланды. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады - делінген хабарламада.
Қазіргі жағдай бойынша облыста инфекцияны 111 адам жұқтырғаны анықталды, оның ішінде біреуі қайтыс болды, 34 науқас жазылып шықты.