Қызылорда облысында індет жұқтырған соңғы 9 адам жайлы мәлімет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған соңғы 9 науқас туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.
Ауру жұқтырғандардың барлығы Шиелі ауданында тіркелді. Науқастардың үшеуі ер адам, алтауы әйел адам. Ең жасы 2012 жылғы қыз бала, ең үлкені 1944 жылғы ер адам. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген алгоритмге сәйкес науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде - делінген хабарламада.
08.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 85 адам анықталды:
Қызылорда қаласында – 9 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшы ауданында – 4, Шиелі ауданында – 47 жағдай, Сырдария ауданында - 7 жағдай, Арал ауданында – 2 жағдай.