Облыс әкімі қостанайлықтарды ауласына барып құттықтады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қала тұрғындарын облыс орталығының бірнеше ауласына барып құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Майлин көшесіндегі 24 үйдің ауласында қала тұрғындары дастархан жайып, халық әндерін шырқап, ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырды.

"Алыстағы туыстан, жақындағы көршің артық" деген жақсы сөз бар. Аула тұрғындарының Наурызды бірге тойлап жатқаны қуантады. Наурыз – күн мен түннің теңелуін, бейбітшілік пен достықты тойлайтын тамаша мереке. Аула тұрғындары бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргізіп, мерекеге жақсы дайындалғанын көруге болады. Қала тұрғындарына мереке сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, - деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Құмар Ақсақалов аула тұрғындарына сыйлықтар беріп, "Юбилейный" шағын ауданындағы аула мерекесіне де қатысты. Онда да мерекелік дастархан жайылып, ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. 

Kstnews.kz хабарлауынша, Қостанайда мереке қарсаңында "Наурыз – әр аулада" байқауы ұйымдастырылып, қала бойынша 12 аулада Наурыз мерекесі өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы