Облыс әкімі өрттен зардап шеккен тұрғындармен жолықты

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылында өрттен зардап шеккендермен кездесті, деп хабарлайды Қостанай  облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Қазіргі уақытта ауданға қарасты Озерное ауылынан 250 адам және ауылдың солтүстік жағынан 1841 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сонымен қатар Аманқарағай, Калини, Лесное ауылдарынан 1591 адам эвакуацияланған.

Олар Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырылған. 

Жергілікті  әкімдік тарапынан бұл ауылдардың тұрғындары азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырды. Сенім телефоны іске қосылып, Төтенше жағдайлар департаменті психологтарының жұмысы жолға қойылды. Арнайы комиссия да құрылды. Оның қорытындысы бойынша зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетіледі. Ең бастысы, ауыздықтауға ырық бермей тұрған өртті өшірейік. Сосын өртенген баспана мен бүлінген мүліктің өтемақысы төленетін болады, - дейді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы