Облыс әкімдігі Иманбекке «Грэмми» сыйлығы үшін 2 млн теңге көрімдік берді

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. АҚШ-тың ғылым және өнер ұлттық академиясының «Үздік ремикс» аталымы бойынша «Грэмми» сыйлығына ие болған Иманбек туған Ақсу қаласына оралды.

21 жастағы музыкантты аймақ басшылығы қарсы алып, игі тілектерін жолдады. Сонымен қатар Иманбек жастармен жүздесті.

Иманбек Зейкенов туған қаласынан көшіп кетуді мақсат етпейтінін жеткізіп, шығармашылықпен айналысатынын айтты. 


Иманбекке облыс әкімдігі атынан екі миллион теңге тарту етілді. Мақсат – жас дарынға заманауи құрал-жабдық сатып алуға көмектесу. Тағы бір миллион теңгенің сертификатын Ақсу қаласының қоғамдық кеңесі сыйлады. Ал Ақсу қаласының әкімі саунд-продюсердің иығына шапан жапты. Сондай-ақ, музыкантқа жылқы мінгізетінін айтты. 


Өте қуаныштымын. Қолымда заманауи техникам бар. Бұл қаражатты қайырымдылыққа бергім келеді. Туған қaламнан көшуді жоспарлап жатқан жоқпын. Музыкамен айналысқым келеді. Қазіргі уақытта дэнсн-холл орындаушы Шон Полмен бірлескен туынды жазып жатырмыз, - дейді Иманбек Зейкенов.


Айтa кетейік, Имaнбек Зейкенов – «Грэммиге» ие болғaн алғашқы қaзaқстандық өнер иесі. Оның «Роузэс» туындысы шетелдік музыкaлық чарттарда әлемдік өнер иелерімен иық тірестіріп, бәсекелескен. Алдaғы уақытта Имaнбек Торайғыров университетінің студенттерімен сaндық жазба бойынша тәжірибесімен бөліспек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы