30 Қазан 2026, 19:12 Фото: BILD

Обама Ақ үйді Саддам Хусейннің мейрамханасымен салыстырды

Ақ үйдегі жөндеу жұмыстары: Трамп пен Обама арасындағы сөз таласы.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Дональд Трамп тұсындағы Ақ үйдің алтынмен апталған кейпін келемеждеп, резиденция интерьерін Ирактың бұрынғы лидері Саддам Хусейннің мейрамханасымен салыстырды. Бұл сынға экс-президент Билл Клинтон да қосылды.

«Ақ үйде Саддам Хусейн «Cheesecake Factory» мейрамханасын ашқан сияқты көрінеді», – деп әзілдеді Обама резиценцияны әрлеуде алтын тым көп қолданылғанына қатысты пікір білдіріп.

Трамп халық алдында сөйлеген сөзінде бұл сынға жауап беріп, тарихи ғимаратты жаңартып отыру қажет деп санайтынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Обама әкімшілігінен кейін Ақ үй «мүшкіл күйде» болған.

The New York Times басылымының есептеуінше, қазіргі уақытта кабинет қабырғалары, есіктері, төбесі мен сәндік элементтерінің шамамен 33%-ы алтынмен апталған.

Интерьерде сонымен қатар үлкен алтын жақтаулардағы президенттердің портреттері, алтын жалатылған мүсіншелер мен 24 караттық жұқа алтыннан жасалған әшекейлер пайда болды.

Трамп интерьерді жаңартудан бөлек, резиденция аумағында ауқымды құрылыс жобаларын, соның ішінде жаңа балл залын, тікұшақ алаңын, салтанатты арка мен гольф алаңын салуды бастады.