Обама әлемдегі ең сыйлы адамдардың көшін бастап тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. YouGov зерттеу орталығы әлемдегі ең сыйлы адамдардың рейтингін жасады. Әсірге әлем "құрметтісі" АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама.

Екінші орында әлемді аузына қаратқан алпауыт Билл Гейтс, үштікті Қытайдың қазіргі басшысы Си Цзиньпин түйіндеген екен. Ал алғашқы бестікті аяқтаған әйгілі кино актер Джеки Чан болса, туриндік "Ювентус" командасының шабуылшысы Криштиану Роналдуды әлемдегі ең сыйлы спортшы деп танылған.

Жалпы YouGov тізген рейтингте Роналду алтыншы орынға жайғасыпты. Роналдудан кейін әйгілі мультимиллиардер Джек Ма жайғасқан екен. Бұл жиырмалықта Далай Лама, Илон Маск, Дональд Трамп, Владимир Путин, Режеп Тайып Ердоған бар.

Ал каталониялық "Барселонаның" капитаны Лионель Месси болса 11-орында. 

Тізімде танымал баскетболшы Майкл Джордан да бар. Ол 13-орынға жайғасқан. 




Сондай-ақ YouGov Роналду мен Мессидің әлемнің әр еліндегі абыройы қандай екенін де зерттеп шыққан. Оның қорытындысы бойынша сауалнамаға қатысқан 42 елдің 32 өкілі Роналдудың сыйлы екенін айтыпты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы