Оқытушы емес, оқушылар сабақ береді

Атырау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Атыраулық зейнеткерлер ғаламтор жүйесін пайдалануды үйреніп жатыр. Оларға оқушылар сабақ беруде. 

Бұл "Назарбаев зияткерлік мектептері" желісінде өтіп жатқан "Ұрпақтар сабақтастығы" жобасы аясында жүзеге асқан. Оқушылары апта сайын мектепте бір топ қарияға сымсыз желінің қыр-сырын таныстырып, гаджеттерді пайдалануды үйретеді.


Балалардың арқасында біздер компьютер үйреніп жатырмыз. Білімді жастар өсіп жатыр. Заманның талабына сай бізде білім алуға тырысып атырмыз. Оқушыларға ризамыз,- дейді Атырау қаласы тұрғыны, зейнеткер Оразалы Қабдолов.

Оқушылардан үйреніп алып, өздеріне әлеуметтік желідегі жеке парақшаларын ашып жатқан үлкендер де бар.

Біз мектеп табалдырығын қайта аттап, қайтадан партаға отырып, сабақ оқып жатқандаймыз. Тек бұл жолы бізге оқытушы емес, оқушылар сабақ беріп жатыр. Олар мектепке кешікпеуімізді, мұқият тыңдауымызды талап етеді. Өйткені галамторда жұмыс істеуді үйрену, онымен жұмыс жасау әлдеқайда қиынырақ екен, - дейді зейнеткер Наталья Образцова.


Жобаның басты мақсаты - жалғызбасты ата мен әжелерге әлеуметтік қолдау көрсету. Өз кезегінде, қариялар да жасөспірімдерге алғыстарын білдіріп, баталарын беруде. Оқу жылы басталғалы бері бұл жобаға облыс орталығындағы 20-ға жуық адам қатысқан.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы